Bugin

Автобус ана мен баланы қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнеден скриншот

Алматыда қоғамдық көлік ана мен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

№129 автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қаққан сәті бейнебақылауға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде желдей есуде.

Оқиғаға қатысты Алматы полициясы мәлімдеме жасады.

"Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда жолды кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен. Әйел жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр", – делінген полиция департаментінің баспасөзі жолдаған хабарламасында.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!