Bugin

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүл мен сыйлықтар берілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚТЖ

Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыға гүл мен сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ҚТЖ мәліметінше, әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлып, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды.

"Сыйлық алған әйелдер қауымы ықылас лебіздерін айтып, жолсеріктерге алғыстарын білдірді. Сондай-ақ бұл күні еліміз бойынша 8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты. Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыстарда жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде",  - делінген мәліметте.