Bugin

“Қарапайым адаммын”: Геннадий Головкин жаңа қызметінде не істегені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Бусто-Арсициода бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер командасымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшылар Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысып жатыр.

ҚР ҰОК басшысы Италияға  арнайы келіп, бүгін бейресми жағдайда спортшылармен кездесті. Ол іріктеу турнирінің  ең жауапты кезеңі алдында өз кеңесімен  бөлісіп, қолдауын көрсетті.

"Мен мұнда біздің командамызға қолдау көрсету үшін келдім. Мен де кезінде сіздердің  орныңызда болған қарапайым адам екенімді  көргендеріңізді  қаладым. Қазір әрқайсыңызда  үлкен жауапкершілік тұр. Міне,  осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті  жібермеу керек. Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады. Сондықтан бізге бұл дәстүрді жалғастыру үшін аянбау керектігін ұмытпайық. Біз бәріміз бір командамыз! Мен үнемі сіздермен біргемін, әрдайым қолдауға  дайынмын", - деді Головкин бапкерлер мен боксшылар қауымына.