Bugin

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев: "Біз қазір Ресейге тәуелдіміз"

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: "Уәде"

"Jibek Joly" телеарнасының "Уәде" бағдарламасына Батыс Қазақстан облысының әкімі  Нариман Төреғалиев сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Біз Қарашығанақта газ шығарамыз. Сол шикі газды өңдеу үшін Ресейдің Орынбор қаласына жібереміз. Газ Ресейден өңделіп кері келеді. Жеткілікті көлемде өңдеу үшін бізде зауыт жоқ" - деді облыс әкімі.

Жүргізуші Ерболат Мұхамеджанның "Біз сонда Ресейде өңделетін газға тәуелдіміз бе?" - деген сұрағына облыс әкімі тәуелді екенімізді айтты. 

"Біз газды Ресейге жібереміз, олар өңдеп береді. Ал ертең олардың зауыты тоқтап қалса  не болады? Мемлекет басшысы былтыр өңірге келгенде өңдеу зауытын салуға тапсырма берді. Амандық болса, 2028 жылы бұл зауыттың құрлысын бітіреміз. 4 мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады", - деп нақтылады Нариман Төреғалиев.