Bugin

Ресейдегі президент сайлауы: Путин қанша дауыс жинады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:  РИА Новости / Сергей Гунеев

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында учаскелерден түскен хаттамалардың 99,01%-ын өңдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресми ақпараттарға сәйкес, дауыс беру нәтижесі бойынша хаттамалардың 99,1% өңделгеннен кейін Владимир Путин (өзін-өзі ұсынған) – 87,33%, Николай Харитонов (РФ "Коммунистік партиясы") – 4,31%, Владислав Даванков ("Новые люди") – 3,79%, Леонид Слуцкий ("ЛДПР") 3,19% дауыс жинаған.

Ресей президенті сайлауында дауыс беру үш күн бойы, 15-17 наурыз аралығында өтті.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауының алдын ала қорытындысын бүгін, яғни 18 наурызда жариялауды жоспарлап отыр.