Bugin

Елімізде көктемде ауа-райы қалай болатыны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Қазақстан аумағы бойынша биылғы наурыз-мамыр айларына көктемге арналған маусымдық ауа райы болжамы анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Наурыз 

Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com

Бұл айда Қазақстанның солтүстік облыстарында Наурыз қыстың жалғасы болады. Жекелеген күндері қыс мезгіліндей суық ауа райы күтіледі. Қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болжанады. Бұл күндері температура фоны төмен, түнде 15-25 градус аяз болады.

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасының күндіз 2-7°С жылыға дейін жоғарылауы болжанады. Ал көктемдегідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде қуантады. Күндіз термометрлердің бағандары 5-15°С жылыға дейін жетуі мүмкін.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс оңірлерінде наурыз айы – нағыз көктем айы, бірақ жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі жауады. Ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп болжанды. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады.

Сәуір және мамыр 

depositphotos.com

depositphotos.com

Бұл айларда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтіліп жатыр. Тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға жуық болады деп болжанды.

Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға жуық күтіледі, ҚР солтүстік-батысында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан көп болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп болжанып жатыр.