Bugin

"Адамдар эвакуацияланды": Орман өрті өршіп тұр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Синьхуа

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орман өрті болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуаға сілтеп.

Орман өртінің салдарынан 3396 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

15 наурызда сағат 17:00 шамасында Яцзян Ганьцзы Тибет автономиялық округінің Байцзы ауылында орман өртеніп, салдарынан 21 үй өртеніп кеткен.

Ал Ганьцзы-Тибет автономиялық округінің төтенше жағдайлар басқармасы басшысы өртті сөндіруге 8 тікұшақ жұмылдырылғанын айтады.

Қайтыс болғандар, күйік шалғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.