Bugin

“Назарбаевтың немере інісі”. Самат Әбіш сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөзден

Самат Әбіш шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Ермұрат Бәпи Facebook парақшасында жазды.

Назарбаевтың немере інісі шартты түрде 8 жылға сотталған. 

Ал депутат бұған дейін Қазақстанда ешкімнің дәл мұндай мерзіммен шартты түрде сотталмағанын айтып, сот шешіміні әлдекімдердің әсер еткенін айтады. 

“Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер "8 жыл" деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл "комедияның" басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай”, - дейді ол.