БІЛІМ

"4300 адам қаза тапқан": Мендос қаласындағы жер сілкінісі туралы не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Жер сілкінуі – табиғи апат.  Әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі балдық көрсеткіштегі апаттар болған. Соның бірі – 1861 жылы 20 наурызда Аргентинада болған зілзала. Жер сілкінгенде тұтас Мендос қаласы жойылып кетті. Зардап шеккендер де көп. Ресми деректер бойынша, қала халқының үштен екісі қаза тапқан. Bugin.kz тілшісі “Мендос” зілзаласы туралы кейбір деректерді ұсынады. 

“Мендос” жер сілкінісі 1861 жылы 20 наурызда сағат  23:30-да Аргентинаның Мендос провинциясында болды. Оның магнитудасы Ms шкаласы бойынша 7,2 балл, ал қарқындылығы Меркалли шкаласы бойынша IX болды. Апаттың эпицентрі шамамен 30 километр тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінгенде "Мендос" провинциясының астанасы қираған. Қаланың 12 000 тұрғынының 4 300-і қаза тапса, 750-і жарақат алды. Көптеген ғимараттың күлі көкке ұшты, соның ішінде “Үкімет үйі” де қирады.

Кейін қала бұрынғы орнына жақын жерден қайта салынды. Ал билік пен халық 1863 жылы жаңа орынға көшті. Заманауи құрылыспен салынған жаңа ғимараттар бұрынғы ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленді.

"Мендос" қаласы туралы бірнеше қызықты фактіні ұсынамыз:

Мендос қаласының маңында (112 км қашықтықта) Анд пен Оңтүстік Американың ең биік тауы – Аконкагуа орналасқан. Оңтүстік Америкадағы ең танымал тау шаңғысы курорттарының бірі "Лас Ленас" та осында. 

depositphotos

depositphotos

Мендоста дамыған негізгі сала – шарап жасау. Құнарлы "Ла Риоха" алқабында шарап өндіруге арналған көптеген жүзімдік бар.

depositphotos

depositphotos

Мендостан алыс емес жерде табиғаттың басты кереметтерінің бірі Инка көпірі (Пуэнте-дель-Инка) бар. Бұл – табиғат күштерінің әсерінен пайда болған Мендоза өзенінің өткелі. Аңыз бойынша, инктерге  көпірді салуға Құдайдың өзі көмектескен.