Bugin

“Бір отбасының 5 адамы зардап шекті”: Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: КТК кадрынан скриншот

Шымкентте жұмыс істемейтін бағдаршамның кесірініен жол апаты орын алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы - Шымкент бағытында жүретін қалааралық автобус басты жолмен өтпек болғанда жүйткіп келген Шевроле қоғамдық көліктің бүйірінен соққан. Апаттан жеңіл көлік қатты бүлінді. Көліктің ішінде бір отбасының бес адамы болған екен. Қауіпсіздік жастықтарының арқасында барлығы аман қалды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіп, екі науқасты ауруханаға жеткізді.

Шымкент №1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Қайратбек Тағайбекұлы:

"Бастарына зақым келмеген. Тек басының терісі, жұмсақ тіні жарақаттанған.Екеуінде жеңіл жарақат. Амбулаториялық емге үйіне шығарылды",-деп айтты.