МӘДЕНИЕТ

"21 наурыз – Ынтымақ күні": Қай ұлт наурызды қалай тойлайды?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда ресми сайтынан

Бүгін, 21 наурыз – Ынтымақ  күні. Бұл күннің мақсаты – жалпы  халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. Bugin.kz порталы ынтымақ күніне орай елімізде мекендеген түрлі ұлттар наурызды қалай тойлайтыны туралы деректерді ұсынады.

Наурызды қазақ халқы 1 ай бойы тойлайды. Бұл мерекенің түркітілдес халық арасында алар орны ерекше.

- Өзбектер бұл мерекені Навруз деп атап, жаңа жыл ретінде  басымдық береді. Қарызды, көңіл қалдыруды кешіріп, барынша көңілді өткізуге тырысады. Олар бұл мерекені 13 күн бойы тойлайды. Өзбектердің сумалак, палаудан бөлек наурызда арнайы пісіретін тағамдары баршылық.

- Түріктер бұл мерекеде дастархандағы тәттіге басымдық береді. Олар наурызды қалай өткізсе, жыл бойы солай жүреді деп сенеді. Достарына, көршілеріне қонақтап барып, бір-біріне жылы шырай танытады. Олар дастарханына шпинатпен бірге берек, жұмыртқа,  пияз қабығы, юфка, кәмпиттер қояды.

- Түркімендер наурыз мерекесімен қатар, аналар мейрамын да өткізеді. Олар наурыздағы ауа райы мен жеміс ағаштарына мән беріп, жыл қалай өтетінін болжайды.

- Әзірбайжандар мейрамды наурыздың 20-сынан бастап, 5 күн қатар тойлайды. Дастарханға міндетті түрде жұмыртқаны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа бір жағына домалаған кезде, соны жаңа жылдың келгені деп санайды. Әрбір үйде дастархан үстінде міндетті түрде бидай тұқымынан өсірілген дақылдар қойылады.

- Қырғыздар 21 наурыз күні ғана мереке тойлайды. Олар өздерінің ұлттық тамақтарын әзірлеп, мерекені туыс, дос-жаран, көршілерімен бірігіп атап өтеді.