Bugin

“+23°C-қа дейін жылы”. Елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Gistmeteo

25 наурыз күні ел аумағының басым бөлігінде тұман мен екпінді жел болып, тұрақсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңіріне тұман көрініс тауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал", - делінген Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Астанада бүгін аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, желдің екпіні - 3-8 м/с. Күндіз небәрі +7°C-қа дейін жылы.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз +18+ 20°C-қа дейін жылуы ықтимал.

Ал Шымкентте 25 наурыз күні аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз: +23°C.