Bugin

Алтын мен күмістер: Халықаралық турнирде боксышалырымыз үздік нәтиже көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: SportGO

Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеп.

Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалы өтті. Бәсекеде Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығып, оның алтауы алтын медаль иеленді.

Жандос Қыдырәлиев, 67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай, 71 келі салмақта отандасымыз Фарух Тоқтасынов, 75 келі салмақта Азамат Бектас, 80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет, Асылжан Серікбай алтын медаль иеленді.

Жарыс қорытындысв бойынша жерлестеріміз халықаралық турнирде 6 алтын, 3 күміс, 2 қолалы болды.