Саясат
2021 жылы жолдар түбегейлі ақылы болмақ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]2021 жылы Қазақстанда 13 автомобиль тас жолы ақылы болмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 5,5 мың километр болмақ. Барлық жоба мемлекеттік-жекелік механизм бойынша жүзеге асатын болады. Биыл конкурстық процедура өтіп, 2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Ал 2021 жылы жолдар түбегейлі ақылы болмақ.
Ақылы болатын автожолдар тізімі мынадай:
	1. Қапшағай – Талдықорған, 184 километр; 
2. Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк бағыты), 741 километр; 
3. Щучинск - Көкшетау – Петропавл - Ресей шекарасы (Қорған бағыты), 301 километр; 
4. Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты), 217 километр; 
5. Орал - Ресей шекарасы (Саратов бағыты), 100 километр; 
6. Нұр-Сұлтан – Павлодар, 409 километр; 
7. Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы, Самара бағыты, 518 километр; 
8. Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, 502 километр; 
9. Ақтау – Бейнеу, 470 километр; 
10. Ресей шекарасы, Орынбор бағыты – Ақтөбе – Қызылорда, 1 125 километр; 
11. Қызылорда – Шымкент - Тараз, 649 километр; 
12. Тараз – Қайнар, Благовещенка елдімекені, 237 километр; 
13. Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 101 километр.
2019 жылдың басында ақылы жол механизмі Нұр-Сұлтан – Теміртау (134 километр), Алматы – Қапшағай (42 километр), Алматы – "Қорғас" (295 километр) тасжолдарына орнатылған еді.