Bugin

“Аяусыз ұрып, тісін сындырған”. Әскерде командир сарбаздарды соққыға жықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөзден

Әскерде командир сарбаздың басынан орындықпен ұрып, зәбір көрсеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Диапазонға" сілтеп.

"25744" әскери бөлімінің командирі әскерге шақырылғандарды таяқпен төмпештегені айтылды.

Қазір "жұдырық ала жүгіретін" командирге қатысты "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалыпты.

1 взвод командирі әскерге жаңадан келген сарбаздарды бірнеше рет ұрып-соққан. 

Жұдырық ала жүгірген командир жасаққа кешігіп келген сарбазды да аямаған көрінеді. Бір сарбаздың бетінен жұдырықпен ұрып, артынша оның басынан орындықпен бірнеше рет ұрған.
Тағы бір сарбаз командирдің жұдырығынан тісін сындырған.