Bugin

“Адам танымайды”: Әскерде сарбаз соққыға жығылып, есін жоғалтқан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gulmir_ktk 

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасына жаға ұстатар жағдайды жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Журналист Ақтаудағы 25744 әскери бөлімнің сарбазы ес-түссіз жатқанын айтты. Оның үйіне оралуына 3 ай қалған екен. Бұл жағдайды Гүлмира Әбіқайға сарбаздың әпкесі жеткізген.

"Бауырым Асылбек Болатбайұлы Ақтау қаласында 25744 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген азамат. Бауырым 12 күні есінен айырылып ауруханаға түскен. Ол жағдайды бізге 2 күннен кейін хабарлады. Чол бөлімшенің командирі Қуандық мырза анама хабарласып, Ақтау қаласына шақырды. Бауырымның жағдайы өте ауыр. Адам танымайды. Дәрігерлердің қойған диагнозы минингит дейді. Мен бұл диагнлзбен келіспеймін",- дейді Асылбектің әпкесі.