Bugin

Астанада келіншек көпірден секірмекші болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ведомство мәліметінше, оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған.

"Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды",- делінген хабарламада.