Bugin

Шымкентте мектеп оқушылары сантехникке шапан жапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнеден алынған

Шымкенттік оқушылар мектептегі қызметкерге шапан жапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

№125 мектептің 11 «В» сыныбы сантехник қызметкерін туған күнімен құттықтаған.

Олар қарапайым қызметкерге шапан жауып, ер адамға ерекше тосын сый жасады. Бұл әрекеттері әлеуметтік желіде тарап, көпті тәнтті етті.

Видеода сыныптың жетекшісі 52 жасқа толып отырған қызметкерлі жеке мерекесімен құттқтап, ізгі тілектерін арнаған. Оқушылар да сантехник қызметкеріне өз лебіздерін білдіріп, туған күн иесін ерекше құттықтады.

"Қалтөре ағайымызды бүкіл ұжым болып ерекше құрметтейміз. Өте қарапайым адам. Қандай өтініш айтсақ та дереу көмекке ұмытылып тұрады. Кез келген іс қолынан келеді. Негізі маған ағайымызға тосын сый жасау туралы ой  былтыр келген. Ол кісіден туған күні қай уақытта екенін сұрап алғанмын. Ол кезде бұл күн өтіп кеткен еді. Содан бұл датаны есімде сақтап алдым да биыл туған күнінде тосын сый жасадық. Оқушыларыма өз ойымды айтқанымда олар бірден қолдады. Өздері де ол кісіге аса құрметпен қарайды",-деді сынып жетекші Айнұр Жаппарқызы.