Bugin

"Ауа райы өзгереді": алдағы күндері күн райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ptoday.com

Елімізде алдағы күндері жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 "Қазгидромет" РМК 28-30 наурыз күндеріне арналған ауа райына болжам жасады.

Мамандардың айтуынша Қазақстандағы ауа райы Екатеринбург аудандарынан ауқымды циклонның әсерінен суытады. Алдағы күндері бірнеше қалаларда жауын-шашын болып, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады.

Еліміздің оңтүстігінде 30 наурызға дейін ауа температурасы төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ, Республика аумағында қатты жел соғуы мүмкін.