Bugin

Төтенше жағдай: Ақтөбені су басты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде қар еріп, қаланы су басты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 наурызда Ақтөбеде ауа райы күрт жылынып, қар еруінен қала көшелері мен аудандарды су басу қаупі төнген.

Қауіптің бетін қайтаруға құзырлы органдар, жергілікті халықтан бөлек Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің сарбаздары да атсалысып жатыр. 

Ақтөбе қаласындағы су тасқыны салдарын жоюға құтқарушылармен бірге біз де көмектесіп жатырмыз. Тұрғындарды қорғау және табиғи апаттың алдын алу үшін күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз құм толтырылған қаптармен тосқауыл жасау, су сору жұмыстарын ұйымдастыру, судан келетін зиянды азайту үшін бөгет құру және тұрғындарды мен олардың мүлкін эвакуациялау шаруаларын атқарып жатырмыз. Осылайша, қаладағы жағдайды тұрақтандыруға тырысамыз. Біздің мақсатымыз – осы қиын кезеңде Ақтөбе тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің ақпаратынша бүгінде 73 үйге су кіріп, 155 адам эвакуацияланған. Қала әкімі су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтады. 

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда көлік не қоғамдық көліктің бәрі жартылай суға толып, халықтың қайықпен жүзіп жүргенін көруге болады.