Bugin

Ауа райына байланысты бірнеше авто жолдар жабылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: NUR.KZ

Еліміздің 4 өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"ҚазАвтоЖол" ҰК"  АҚ.көлік қозғалысына шектеу қойылған жолдарды атады.

2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:30 шамасында қардың көптеп еруіне байланысты және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық автожолының 707 шақырымынан 941 шақырымына, яғни Аягөз қаласынан Боғаз ауылына дейінгі аралықта барлық көлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Одан бөлек, 2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген.

2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысында көлік қозғалысының шектелуіне байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» автожолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға,  Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аралығында көліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында қар еріп, судың шамадан тыс көбеюіне байланысты және көліктің қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау автожолының 147-шақырымнан 166-шақырымына дейінгі аралығында барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылған болып шықты.