Bugin

"Көлікпен мыжып, басына секірген": Алматыда жантүршігерлік қылмыс орын алды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Бейнеден үзінді. tengrinews.kz

Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны көлігімен күзетшіні бірнеше рет басып өткен. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй тұрғындарының айтуынша, күдікті ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Тұрғындар да ер адамның нашақорлық дертіне шалдыққанын айтады. Сол түні ол үйге оралады. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оның үстінен бірнеше рет өтіп, көліктен түсіп, жұдырықтай жөнеледі. Елді дүрліктірген қылмысқа «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болды.

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Үй тұрғындарының бірі:

"Ол джиппен марқұмның үстінен бірнеше рет өткен, содан кейін түсіп, ер адамның басына секірген. Осыдан кейін ол көлікті тоқтатып, үйіне қайтады. Оның айғайы мен ыңылауын есту мүмкін болмады. Нұрболдың тамырлары үзіліп, аяғы дерлік жұлынған болды. Ол өкпесі езіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмды", - дейді.

Белгілі болғандай, марқұмның артында үш баласы қалған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ведмоство:

"Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын келтірген. Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - деп хабарлады.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыздар.