Bugin

Бишімбаев соты: ағасы Салтанаттың соққыға жығылған суреттерін көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz. Соттан скрин

Бүгін, 29 наурызда Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Қазір Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді фотодеректер көрсетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Айтбек наурыз айында Салтанатпен кездескенде, қатты шаршап тұрғанын байқаған. Олар кездесуде сырласып, сөйлескен. Салтанат ағасымен әлеуметтік желіде жиі сөйлесетін болған.  Олар желідегі хат алмасуында 29 Салтанат соққыға жығылған суреттерін жіберген екен. Айтбек сол суреттерді көрсетті.

Айтбек Салтанат екеуінің хат алмасқан жазбаларын оқып берді. Кикілжің неден туындағанын, Қуандықпен арадағы жанжалы туралы айты. Салтанатты ағасы алып кеткісі келген. Салтанат кетуден бас тартқан.