Bugin

Бакуде өткен бокс турнирінде кім жеңіске жетті?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: www.sports.kz

Бакуде (Әзірбайжан) бокстан “Ұлы Жібек жолы” халықаралық турнирі аяқталды.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир қорытындысында Қазақстан ерлер құрамасы жеті медаль жеңіп алды: үш алтын, екі күміс және екі қола. Жалпы командалық медальдық есепте Қазақстан үшінші орын алды. Турнирдің көшбасшысы бес алтынға ие болған Өзбекстан құрамасы болды. Турнир қожайындары Әзірбайжан құрамасы Қазақстан сияқты үш алтын алғанымен, бір күмісі көп болды. Қазақстан құрамасы өз кезегінде медальдық есепте Ресейден озды. Ресей турнирді екі алтынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға алтынды 60 келіде Талғат Сырымбетов, 71 келіде Дархан Дүйсебай және 92 келіде Сағындық Тоғамбай әкелген болатын.