САЯСАТ

Сайлау комиссиялардың мүшелеріне оқу-семинар өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

www.election.gov.kz

2024 жылы 13-14 наурызда ҚР ОСК аумақтық сайлау комиссияларының жаңадан сайланған мүшелері үшін кезекті оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

Екі күндік семинар «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша  өтті. 

Семинарды ҚР ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина ашып, құттықтау сөзінде тыңдаушыларға оқыту курсының мақсаты мен міндеттерін жеткізді. Сайлау - бұл өзінің электоралдық кезеңдері, белгілі бір нормативтік, ұйымдастырушылық рәсімдері бар қоғамдық-саяси және құқықтық процесс екенін және сайлау процесінің барлық қатысушыларымен тиімді өзара іс-қимылды, сайлау комиссиясының әрбір мүшесінің құзыреті мен кәсібилік деңгейін үнемі арттыруды міндеттейтінін ескертті.

Оқу курсының негізгі спикерлері Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бөлім меңгерушілері Сәуле Қозыбаева, Ерлан Қарабалаев, Әйгерім Тәжиева, Гүлназ Кембаева, Бауыржан Тұрғанбаев, Дәмегүл Қабиева болды.

Спикерлер сайлау процесін ұйымдастыру, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт, электоралдық оқыту бойынша құқықтық және теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік, сайлауды ақпараттық, қаржылық және құжаттамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша практикалық сабақтар дайындады.

Сайлау комиссиясы қызметінің нақты жағдайлары талқыланды, әртүрлі кейстерді модельдеу, дұрыс шешімнің мүмкін жолдарын іздеу дағдылары пысықталды, сайлау барысында халықаралық миссиялар анықтаған негізгі ескертулер қаралды.

Сондай-ақ тренинг форматында тыңдаушылармен сайлау комиссиясының сайлауға дайындық кезеңінде, дауыс беру күні, сайлаушылардың дауыстарын санау және дауыс беру қорытындыларын белгілеу кезінде жұмыс істеу машықтары пысықталды. Бұдан басқа, көпшілік алдында сөз сөйлеуді, саяси партиялармен, байқаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және сайлау процесінің өзге де қатысушыларымен өзара іс-қимылды дамыту дағдылары қорытыланды.