Bugin

Еліміздің қай өңірінде су басу қаупі жоғары?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖМ

Еліміздің бірнеше өңірінде күн райы күрт жылып, су басу қаупі жоғары, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет"  мәліметінше 2024 жылдың 30 наурызы мен 5 сәуірі аралығында күн райының күрт жылынып, аралас жауын-шашынның түсуі мүмкін.

Ауа райының тосын сыйынан Ақмола облысы бойынша өзендер ағысы бойымен қарқынды жүруі күтілуде.

Сол себепті Көкшетау, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Шортанды және Зеренді аудандарын топан су жайлауы мүмкін.

Одан бөлек, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде қатты жауын-шашын болып, Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктеріндегі аймақ суға толып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде.