Bugin

Бишімбаев жауап берген сәтте Салтанаттың анасы айқайлап жіберді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скриншот

Бүгінгі сот отырысында Бишімбаев сөзін кешірім сұраудан бастады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Экс-министр Салтанаттың барша жақынынан кешірім сұрау адами борышы екенін айтып сөз алды. Ол біріншіден кешірім сұрағысы келсе, екіншіден кінәлі емес екенін айтты:

“Мен өзімнің кінәлі екенімді мойындамаймын. Жұбайым Салтанатты саналы түрде қатігездікпен өлтірді дегенге келіспеймін”,-деп айтты.

Осы сәтте сот залында отырған Салтанаттың анасы:

“Тоқтай тұр, аса қатігездікпен сен ұрдың ғой. Қалай сен осылай айтасың?”-деп айқайлап жіберді.

Сот төрешісі тыныштық сақтауды немесе басқа жерге кетуді сұрады. Салтанаттың анасы осы сәтте тынышталды.