Bugin

"17 жаста": Ақтауда Nomad MMA турнирінде қатты соққы алған спортшы жан тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ulysmedia.kz

 31 Наурызда "Батыр" спорт кешенінде қайғылы оқиға болды. 17 жастағы спортшы Nomad MMA турнирі кезінде көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде қайтыс болған спортшының қарсыласымен жекпе-жегі жарияланды. Онда аяқпен жасалған соққыдан кейін спортшының талып қалғанын көруге болады.

The Nomad MMA федерациясы Маңғыстау облысының хабарлауынша, жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы қаза тапқанын растады.