Bugin

Көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 30-ға жуық адам "тірідей" жанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: TRT Haber

Ыстамбұлда көпқабатты ғимараттан өрт шығып, 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TRT Haber-ге сілтеп.

2 сәуір күні Ыстамбұл орталығында орналасқан ойын-сауық орталығынан өрт шыққан. Жергілікті биліктің айтуынша қызыл жалын ғимараттағы жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған көрінеді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейтін «Masquerade» ойын-сауық орталығында жөндеу жұмыстарының салдарынан тұтанған. Өрт туралы хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жіберілген. Өрт толығымен сөндірілді. Салдарынан 29 адам қаза тапты. Бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, емделуін жалғастыруда», - делінген агенттіктің хабарламасында.