Bugin

Полиция Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: trendsmap.com

Полиция экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға, сондай-ақ Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Роговаға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы БАҚ-қа ТОО "ТПК Азия" құрылтайшысы Нурлан Бимурзин мәлімдеді. Ол:

"Ағымдағы жылдың 14 наурызында Елбасымыз Тоқаев Бас прокурор Асыловпен бизнесті бопсалаушылардан қорғау тақырыбында кеңес өткізді. Ал 19 ақпанда Меғдат Қалиев екеуміз Бас прокуратураға арыз жазғанбыз. Президентіміздің тапсырмасына қарамастан, Бас прокуратура істі қаржы мониторингі агенттгіне жібереді. Дегенмен менімен қаржы мониторингі агенттгінен ешкім хабарласпайды және ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Олар мені Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне дейін апарды, бірақ менің Алмалы ауданына мүлдем қатысым жоқ. Тіпті онда тұруға ықтиярхатым да жоқ. Жарайды, келдік, арызымыз бойынша түсініктеме бердік. Қағаз жүзінде дәлелдер әкелдік. Олар оны шынымен де қарамай, күні кеше ғана қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, президенттің тапсырмасына қарамастан  конституциялық құқығымызды қайта-қайта бұзды", - деді.

Назарбаеваға және басқа да тұлғаларға қатысты арыз номенклатуралық іс ретінде есептен шығарылғаны көрсетілген Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінен хаттың көшірмесін қоса тіркеген.

Ол енді қайтадан арызданбақ.