Bugin

"5 баламды уайымдаймын": су басқан аймақ тұрғындары қазіргі жағдайдың мүшкіл екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

Жылойда  385 адам, 99 бала эвкакуацияланды.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісіне Атырау облыстық ТЖД мамандары жауап берді. Bugin.kz ұжымы су басқан аудан тұрғындарының мұң-мұқтажын сұрап, қазіргі ахуалын білді.

Жылыойлық 5 балалаы келіншектің айтуынша адамдар эвакуацияланып үлгермей жатыр:

“Қазіргі жағдай өте нашар деп айтсам болады. Себебі адамдарды эвакуациялап үлгермей жатыр. Жан жақты, үйлердің бәрін топан су басып кетті. Бір жерді ғана емес, бірнеше ауыл суға кетті. Біз де шет жақта Бесқатар Атырау деген жерде тұрамыз. Ол жерді де су басып жатыр деген ақпарат естідім. Сол себепті біз де басқа жаққа кетіп жатырмыз. Біздің жанымызда 8-мектеп бар, соған қарай апарамыз деген. Бірақ ол мектептің өзін су алып кеткен. Сондықтан біз өзіміз Майкөмген жаққа шығамыз ба деген ойымыз бар. Себебі Атырауға кетеміз бе деп едік, пойыз тек түнгі 12- 1 лерде келеді екен. Енді пойызды күтпей Майкөмгенге қарай бала-шағамды алып шығып кетсем бе тұрмын. 5 баламды қатты уайымдап тұрмын.",-деді.

Алтынгүл, жылыойлық блогер:

“Жылыой ауданының жартысын су басты. Біз еріктілер болып аралап жүрміз қауіпсіз пунктерді. Адам лық толып тұр. Жататын жер, көрпе, көпшіктер табылмай жатыр. Бірен-саран ауылдар ғана тыныш. Үйім орталықта, ол жаққа қауіп жоқ.

Жылыой ауданының әкімдігі де суға кетті”,-деп ақпарат берді.

Bugin.kz тілшісіне өңір тұрғындары қабылдау пункттеріне адам сыймай жатқанын айтты.

Bugin.kz тілшісіне Атырау облысы ТЖД маманы:

"Қазіргі таңда Жылыой ауданындағы қабылдау орындарында 2256 адам қамтылса, оның 446-сы балалар",-деп ақпарат берді.

Жағдайды мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.