Bugin

5 ай бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотл: Lider.kz

Алматы облысында 1986 жылы туған ер адам жоғалып кеткен еді. деп хабарлайды Bugin.kz порталы LIDER.KZ Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 2023 жылдың 18 қараша күні Тамғалы тас жолындағы фазенда аумағынан шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Жоғалған жігіттің ағасы бұған дейін фазендада менеджер болып жұмыс істегенін айтқан. Оның айтуынша, жоғалып кеткеннен кейін шамамен бір аптадан кейін ер адамды Алматыда бірінші вокзал мен Шолохов көшесіндегі базар маңында көрген деген болжамдар айтылған.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Іле өзенінен табылған. Мәйіт ағыс бойымен төмендеп кеткен. Ер адам суға батып кеткен деген болжам бар. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.