Bugin

Белгілі журналист өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі саяхатшы-жазушы, журналист Серік Байхонов өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

А. Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтың лауреаты атанған Серік Байхонов 71 жасында ауыр науқастан кейін қайтыс болды. 

Қаралы хабарды оның курстас досы, ақын Байбота Қошым-Ноғай (Серікбаев) жеткізді:

"Қаралы хабарды жеткізу мұншама қиын болар ма?!. Аяқ астынан қатерлі дертке бой алдырып, таяуда ғана Түркияда ота жасатып келген соң, Астанада ем алып жатыр еді… Бір сағат бұрын досымыз, жазушы, саяхатшы, Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Байхоновқа уақыт болыпты деп естідім. 

1973 жылы жиырма жасында тұңғыш хикаяты "Жалғасым менің – жалғасым менің" Жалын журналында жарияланып, жазушы ретінде қатарынан ерте танылған Серік Байхоновтың "Ең ыстық маусым", "Қос шатырлы үй", "Сал үстіндегі маусым", "Құйылыста", "Ғажапстанға саяхат", "Алтай Асу" т.б. көптеген әңгімелер, хикаяттар, роман және саяхат кітаптары жарық көрген. Ол қазақ телевидениесі арқылы танылған "Жігіттің сұлтаны", "Қазақтың Қажымұқаны" республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы болды. Секең кәсіби саяхатшы ретінде "Сал үстіндегі маусым", "Аралға –араша" экспедицияларын басқарды.

Қаралы хабарды құлағым естісе де, көңілім сенбей, қош, бақұл бол деуге ерінімнің икемі келмей отыр. Өмірі өмірімізбен біте қайнасқан қаламгер досымыздың фәнидегі сапары аяқталып, мәңгілік ғұмыры басталды…".