ДЕНСАУЛЫҚ

Су тасқынының салдары: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Еліміздегі бірқатар өңіріндегі су тасқынынан соң, адамдар кейбір ауррулардан сақтануы қажет. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мына кеңестерді ұсынады:

 - ⁠Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

 - ⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

 - ⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

 - ⁠Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

 - ⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

 - ⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.