Bugin

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Елімізде алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 6-12 сәуірдегі синоптикалық болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде жауады. Түнде жауын-шашынның жаңбырдан қарға ауысуы: 7, 9 - 12 сәуірде Павлодар, еліміздің шығысында (Абай және Шығыс Қазақстан облыстары), 8 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, 8 - 11 сәуірде Қостанай, республикамыздың солтүстігінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары), 9 - 12 сәуірде Қарағанды облысында, 11 сәуірде Ұлытау облысында болады.  Жаңбыр 6 сәуірде Батыс Қазақстан облысында, 6 - 7, 11 - 12 сәуірде Алматы облысында жауады. 6, 9 сәуірде Түркістан облысында, 6, 9, 11 сәуірде Жамбыл облысында, 8 сәуірде еліміздің орталығында (Ұлытау, Қарағанды облыстары), 9, 11 - 12 сәуірде Жетісу облысында жаңбыр жауады.

Еліміздің шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) 9 - 10 сәуірде қатты жаңбыр, 11 - 12 сәуірде қатты жауын - шашын (жаңбыр қарға ауысады) болжанады.

Жауын-шашынның тоқтауы еліміздің батысында 9 сәуірден, солтүстік-батыста 11-12 сәуірден, республиканың солтүстігінде және Ұлытау облысында 12 сәуірден күтілуде.

Ауа температурасының солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, еліміздің орталығында түнде 0-5 жылыдан 1-6 аязға дейін, күндіз  12-20 жылыдан 3-10 жылыға дейін біртіндеп төмендейді. Батыста ауа температурасы күндіз 10-15 жылыдан 20-25 жылыға дейін жоғарылайды. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 3-8-ден 5-10 жылыға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 17-25 жылыға дейін, таулы аймақтарда түнде 2 градус аяз-3 градус жылы, күндіз 5-10-нан 7-17-ге дейін ауытқиды.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар етеді.