Bugin

"Тергеу жүргізіліп жатыр": Ақтөбеде мектеп оқушысы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі el.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы есінен танып қалған. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Бір жыл бұрын Бексұлтан Әбубәкір мектептегі еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуір сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалғаны анықталды. Жедел жәрдем шақырылған, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Қазіргі таңда баланың өлімінің себебі анықталып жатыр.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақтөбе қалалық полиция департаменті

“Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне селқос қарау). Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады.