МӘДЕНИЕТ

Өнерді шыңдаған театрдағы шеру қалай өтті?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz

Қазақ өнерінің қара шаңырағы - Әуезов драма театрының ұйымдастыруымен I Камералық спектакльдер шеруі өтті. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Шара Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттерін кәсіби театр қызметімен таныстырып, нағыз маман етіп тәрбиелеу мақсатында өтті.  

Спектакльдер "Камералық пьесалар" байқауынан іріктеліп қойылды. Қойылымдардың сәтті шығуы әрі көрермен жүрегіне жетуі үшін болашақ өнер иелері мен ұстаздар еңбек еткен.

Қойылған әрбір қойылым ар-ұждан мен адам болмысы, отбасылық кұндылықтар секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелері мен тақырыптарын қамтыды.

Әр қойылымнан соң режиссерлық жұмыс пен актерлық шеберлік жөнінде арнайы мамандар өз сын-пікірлерін, әсіресе авторлық позицияны ұстанудың маңызды екенін  айтты.

I Камералық спектакльдер шеруінде Мадина Келгенбай "Үздік әйел адам" бейнесі атанды. "Үздік ер адам" бейнесі бойынша Ғалым Амангелдіұлы, Нұрлан Әбілов пен Дарын Шыныбек марапатталды. Ал "Үздік режиссер" номинациясы Әлібек Қосубекке бұйырды.




Материалды дайындаған: Айгерім Ерболова