Bugin

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Қазгидромет орталығы алдағы күндері елімізде ауа райы жауын-шашынды болатынын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Республика аумағының басым бөлігі бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады. Жаңбыр, қар жауады.  

Республиканың оңтүстігінде, 14-15 сәуірде оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек Шығыс Қазақстан облысында барлық кезеңде, 13-14 сәуірде Абай облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіліп жатыр.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз батыс және оңтүстік облыстарда найзағай ойнайды. Температура фонында күрт өзгерістер болмайды.