Bugin

Орал қаласындағы оқушылар қашықтан оқыту форматына көшті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: khabar.kz

Орал мектептері қашықтан білім беру жүйесіне көшті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Су тасқынына байланысты Орал қаласында барлық мектеп бүгіннен бастап онлайн оқытуға көшкен. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мәлім етті.

"15 сәуірден бастап қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі онлайн форматта Bilimland.kz және Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады. Оқушыларды техникалық оқыту құралдармен қамту жұмысы ойластырылуда. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін үнемі қадағалау сұралады. Балабақшалар әзірге штаттық режимде жұмыс жасайды", - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО білім басқармасы Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары және Орал қаласындағы колледждер де онлайн оқиды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 755 сантиметрге жеткен болатын.