МӘДЕНИЕТ

15 сәуір – Ғашықтар күні

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

15 сәуір – ғашықтар мерекесі. Бір-бірін шынайы, шартсыз сүйген жандардың күні. Осы орайда Bugin.kz порталы Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат оқиғасы туралы ақпарат ұсынады. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

“Ғашықтар күнін” атап өту туралы бастама 1999 жылы көтерілген. Бұл мереке ХIV-XV ғасырлардағы “Қозы Көрпеш – Баян сұлудың" махаббат оқиғасына арнап бекітілді.  

Бұл дастанның 20-ға жуық нұсқасы бар. Ең танымалы – Жанақтың нұсқасы. 

Махаббат дастаны Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, бел құда болуынан басталады. Екі әке серттесіп, Қозы мен Баянды қоспақ болады. Бірақ аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай баласын көре алмай қаза болады. Уақыт өте, дүниеқоңыз Қарабай "қызымды жетім ұлға бермеймін" деп, бір кездері отарын жұттан құтқарған Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың қосылуын қаламаған Қодар айласын асырып, Қозыны өлтіреді. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян Сұлу өш алу үшін қулыққа басады. Ол Қодарға құдықтан су алып берсе, оған күйеуге шығатынын айтады. Қыздың сөзіне сенген Қодар оның бұрымынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, Баян бұрымын кесіп тастайды. Осылайша, Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап өледі. Содан кейін Баян ғашығы жатқан күмбезге келіп, өз-өзіне қол жұмсайды (Дереккөз: bilim-all.kz).

Қозы мен Баян есімдерінің ғасырлар бойы ажырамай, махаббаттың символы болғаны анық. Олардың жүректерінде сақталған мөлдір махаббат – бүгінгі күнге дейін өзекті және шынайы қарым-қатынастың үлгісі.