Bugin
Фото: depositphoto.com
Синоптиктер еліміздегі 16-18 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. 16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз күн шуақты ауа-райы болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы ықтимал. Күндізгі сағаттарда найзағай ойнайды.
Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді. Ал күндіз батыста, оңтүстікте ауа температурасы 22-30 градус жылыға дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды. Тек республиканың шығысында түнде және күндіз температураның ауытқуы күтіледі.