Bugin

"Жаңбыр мен қар": Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik

"ҚазГидромет" синоптиктері Қазақстанда 16, 17 және 18 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Метеорологтар мәліметінше, республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, 16 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық, жауын-шашынсыз.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде.

"Термометр бағаналары түнде температураның ауытқуын көрсетеді, ал күндіз батыста, оңтүстікте температураның 22-30-ға дейін, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта 15-25-ке дейін көтеріледі, тек республиканың шығысында түнде және күндіз температураның ауытқуы күтіледі", - делінген хабарламада.