Bugin

Су тасқыны: соңғы деректер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан кадр

Еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Азаматтық қорғау қызметтері 113 693 адамды, оның ішінде 39 922 баланы құтқарды. 107 613 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 13 543 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала бар.

"9,7 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,4 млн. астам қапшық пен 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 570 тұрғын үй мен 2195 аула аумағынан су бұрылды", делінген хабарламада.

Жедел желіге түскен 1 796 қоңырауға жауап берілген.