Bugin

“Бишімбаев соты”: Бақытжан Байжановқа қауіп төніп тұр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жоғары сот

16 сәуірде Астанадағы сот залында Қуандық Бишімбаевқа қатысты 11-сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы.

Бүгінгі сот отырысы кезінде болған үзілісте марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың адвокаттары судьяға қандай өтініш айтқанын мәлім етті. Оның айтуынша, адвокаттар Бақытжан Байжановты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш берген. 

"Бақытжан Байжановтың жеке басына Қуандық Бишімбаевтан қауіп төніп тұрғандықтан адвокаттар үйқамаққа алу туралы өтініш білдіріп жатыр. Сондай-ақ Байжановтың өзі де қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі заң бұзушылықтар туралы айтқан еді. Судья қазір адвокаттың өтінішін қарап жатыр" - деді Айтбек Амангелді.

Осыған дейін Байжанов уақытша ұстау изоляторында қысым көргенін де айтқан еді.

"Байжанов уақытша ұстау изоляторында заңбұзушылық болғанын, жарық сөнгеннен кейін бейтаныс адамдардың келгенін айтқан. Менің түсінігімше, басшылықтың да Байжановты қорқытып, қысым көрсетіп жатқандай.  Оның сөзінен кейін судья бұл өтініштерді қарап жатыр", - деді Нүкенованың ағасы.