Bugin

"Өтемақы мен несиені шегеру": Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Президент Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ақорданың ақпаратына сәйкес, Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездескен. 

Кездесу кезінде президент шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты. Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға бірреттік көмек беріліп жатыр және комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен қарыздарын төлеу мерзімі шегеріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ешбір азамат назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

"Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет", – дейді президент.