Bugin

“43 адам көз жұмды”: Ауғанстан су астында қалды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөз

Ауғанстан 3 күн бойы толассыз жауған жауыннан қалаларды су басты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Ауғанстан су астында қалды. Ауғанстандықтар жауын суын игере алмай жатыр. Тіпті су тасқыны салдарынан 43 адам көз жұмған. 

Ауғанстанда маусымдық жауын-шашыннан болған су тасқыны салдарынан 27 адам жарақат алды.

Ауғанстанның Табиғи апаттарды басқару министрлігінің өкілі Абдулла Джанан Сайек 12 сәуірде ел астанасы Кабулда және елдің бірнеше провинциясында су тасқыны болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптары мен 85 шақырымнан астам жолды зақымдаған.