Bugin

“Кінәсін мойындамады”: 20 жастағы әке өгей баласын өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген әкеге қатысты сот отырысы болып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

20 жастағы ер адам 4 жасар баланың өліміне баспалдақты кінәлап отыр. Оқиға 2023 жылдың қыркүйек айында болған. Ер адам баланы ұрып, сосын балабақшаға алып барған.

"Күнделіктідей қабылдадым баланы. Киімін шеше бастадым. Сол кезде көгергенін байқадым. "Сен қайта-қайта құсып жатсың, кеше не жедің?" деп сұрағанда, "әкем ұрды" деп жауап берді",- дейді балабақша тәрбиешісі Құралай Әбілдаева.