Bugin

Қазақ тілін қорлаған азаматшаға сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Алматы тұрғыны TikTok желісінде қазақ тілін қорлағаны сотталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Kozachkov offside телеграмм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

21 жастағы Элина қылмыстық кодекстің 174-бабы “Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру”  бойынша сотталды.

Белгілі болғандай, өткен жылдың күзінде Элина TikTok желісінде , мыңға жуық көрермен тамашалаған тікелей эфирге шыққан. Оған бір ер адам хат жазып, ұлты мен дінін сұрап, мемлекеттік тілде сөйлеуін сұраған.

Бұл Людің біртүрлі реакциясын тудырады.

Ол қазақ тілін ұнатпайтынын, ол мәмбеттер тілі екенін, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын , ешкім қазақша сөйлемейтінін айтып, жазылушысын ұрсып тастайды.

Оның трансляциясының жазбасы желіге тарап, полиция департаментінің назарына түседі. Детективтердің бірі хаттама жазып, одан кейін эмоционалды сөз сараптамаға жіберілді.

Нәтижесінде Элина Лю кінәлі деп танылды. Ол кішкентай баласын әжесіне тастап, екі жылын түрмеде өткізеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.