Bugin

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәлімдеме жасап, Орал тұрғындарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ведомствоның баспасөз қызметі, қазіргі уақытта көпетеген жалған ақпарат таратылып жатқанын атап өтті.

Жалған ақпарат пен қауесетті болдырмау үшін мамандар келесіні хабарлайды:

Сумен жабдықтауды және қаладағы ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеуде;

Қаланы сумен жабдықтау екі көзден (жер үсті – Жайық өзені және жер асты – Орал жер асты су кен орны) қамтамасыз етіледі;

Сорғы станциялары мен су тазарту құрылыстары кешенінің аумақтарын су басудың алдын алу үшін бөгеттерді толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді.