Bugin

“Өртеп жібермекші болған”: ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Ақтауда 52 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен азаматтық некедегі күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға Ақтау қаласында болған. 16 сәуірде  өрт шыққан үйден әйелдің денесі табылды. Көршілердің айтуынша, күдікті әйелді өлтіріп, артынан пәтерге қасақана өрт қойған. Уақытында жеткен өрт сөндірушілер қызыл отты сөндірді.

Полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.